Спорт

Паралимпиада-2024: Атыраулық пара дзюдошы Зарина Раифова қола жүлдегер атанды

Париж паралимпиада ойындарында пара дзюдо күресінің J2 санаты бойынша сынға түскен Азия пара ойындарының күміс жүлдегері, Гран-при турнирлерінің жеңімпаз-жүлдегері, атыраулық Зарина Раифова қола жүлдеге ие болды.

70+ келіде күрескен жерлесіміз қола жүлде үшін күресте италиялық Каролина Костаны жеңді.

Бұған дейін Зарина Раифова жұбаныш белдесуінде Аустралия атынан сынға түскен Тейлор Госенстен басым түсіп қола жүлде үшін таласқа жолдама алған болатын. 

Белдесуден соң журналистерге сұхбат берген қола жүлде иегері паралимпиадаға алтын алуға келгенмен сәл сәттілік жетпей қалғанын айтты. Өзінің жігерін жанып, елінің намысын қорғауды мақсат тұтқан пара дзюдошы соңғы бәсекесінде пара дзюдодан ұлттық команданың бас жаттықтырушысы, атыраулық Жандос Қияновтың ақыл-кеңесін басшылыққа алып, жеңіске жеткенін айтты.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button