Жарнама
Спорт

Маңғыстаудан жеңіспен оралды!

28-31 шілде күндері Ақтау қаласындағы «Mangystau Arena» спорт кешенінде каратэ-додан «MANGYSTAU OPEN» ІІІ халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жарыс кумите және ката бағдарламалары бойынша балалар мен жасөспірімдер, сонымен қатар ересектер арасында өтті. Қазақстан және Өзбекстан елдерінен 400 каратэші қатысқан додада 40 спортшы облыс намысын қорғады. Командалық есепте атыраулық спортшылар 21 медальмен 3 орынға  тұрақтады.

5 алтын медаль иелері:
1. Сұлтанова Алина (кумите)
2. Кенжебай Нұрбек (кумите)
3.Жалғас Ұлмекен (кумите)
4.Исламов Сұлтан (кумите)
5. Үмбетқали Әділет (кумите)

5 күміс медаль иегерлері:
1. Қайрат Гүлайым (кумите)
2. Қуаныш Әлихан (кумите)
3. Андрей Семихатко (ката)
4. Жүсіпәлі Қасымхан (қата)
5. Бағытов Жәмила (қата)

11 қола медаль иелері:
1. Нұрберген Дамир (кумите)
2. Батырғали Файзолла (кумите)
3. Нәби Көркем (кумите)
4.Ширманова Елена (ката)
5. Рахметова Наргиз (ката)
6. Власова Ангелина (кумите)
7. Сәулен Азия (кумите)
8. Павел Әлихан (кумите)
9. Зендербекұлы Арсен (кумите)
10. Есенжан Талғат (кумите)
11. Олжағали Ұлан (ката)

– Биыл іріктеу турнирі төртінші рет өткізіліп отыр. Соңғы шешуші жарыс Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Ең көп ұпай жинаған спортшы әлем чемпионатына қатыса алады. Спортшыларымыздың арасында Азия және әлем чемпионына үміткерлер бар. Облысымыздың спорт және дене шынықтыру басқармасына ерекше алғысымызды білдіреміз, дейді «Қайсар» спорт клубының жаттықтырушысы Жүсіпәлі Нұрсұлтан.

«Mangystau Open » ІІІ халықаралық турнирі – Түркияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу жарыстарының бірі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button