Жарнама
Спорт

Махамбет ауданында бес спорт алаңы салынады

Биыл Махамбет ауданында бес ауылға ашық, жасанды төсенішті спорт алаңы салынады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аудандық құрылыс, қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғалиұлының айтуынша, ашық, жасанды төсенішті спорт алаңдары Ақтоғай, Таңдай, Талдыкөл, Есбол, Жалғансай ауылдарында салынбақ. Қазіргі уақытта техникалық қадағалау жұмыстары бойынша конкурс өтуде. Конкурстан соң келісім-шарт жасалады. Құрылыс жұмыстары сәуір айының соңында басталмақ. 

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұратынын мәлімдеп, Үкіметке ауылды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдауды тапсырған болатын.

Былтыр жылдың аяғында Жалғансай ауылында «Байшуақ-Үміт» ЖШС-нің демеушілік көмегімен ашық, жасанды төсенішті спорт алаңы салынып, қолданысқа берілген болатын. Биыл мемлекеттің қолдауымен тағы бір  спорт алаңы салынатыны көпшілікті қуантып отыр. Өcіп келе жатқан жастар үшін бос уақытта спортпен шұғылданудың маңызы зор. Спорт арқылы ұрпақтың денсаулы ғана емес, жан саулығы да жақсарады,- деді Жалғансай ауылдық округінің әкімі Ғибрат Мырзағали.

Айта кетейік, аталған алаңдарды салу үшін жергілікті бюджеттен 50 млн теңге бөлініп отыр. Құрылыс жұмыстарының мерзімі 2 ай.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button