Жарнама
Спорт

Кикбоксшылар Италия елінен жеңіспен оралды

15-24 қазан күндері Италия елінде кикбоксингтен ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Данияр Юсупов бастаған Атырау облысының спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

«Әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, үлкен жетістікке жеткеніме қуаныштымын. Қарсыластарым Ресей, Өзбекстан және Түркия елдерінен болды. Әр қарсыласым тәжірбиелі болғандықтан жекпе-жектерім қиын өтті. Бұнымен тоқтап қалмай алда үлкен белестерді бағындыруға жұмыстанамын», — дейді 51 келі салмақ дәжересіндегі әлем чемпионы Жұмабаев Нұрсұлтан.

e9df9261 acb1 4a5b 9053 418a9bb6c609

67 келі салмақта Азамат Утемисов күміс жүлдеге ие болса, 60 келі салмақта 2 дүркін әлем чемпионы Жандос Назарбеков бұл жолы қола жүлдені қанағат тұтты.

4fbe03e7 7ad1 456d bd94 b65157e1770c

«Кикбоксинг спорты жылдан-жылға қарқынды дамып келеді. Биылғы әлем чемпионатына 65 елден 1600 спортшы қатысты. Атырау облысынан алты спортшымыз қатысып, оның үшеуі жүлделі орындарға ие болды. Биыл жастарымыз өздерін жақсы қырынан көрсетуде» , — дейді облыс аға бапкері Данияр Юсупов.

Осылайша атыраулық кикбоксшылар 2017 жылғы нәтижені қайталап, 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдеге ие болып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button