Атырауда алғаш рет…

img 20220725 wa0034 Спорт

Атырауда алғаш рет Динара Сәдуақасова атындағы Шахмат академиясының  ұйымдастыруымен «ATYRAU CHESS FESTIVAL 2022» халықаралық шахмат фестивалі өтеді.

2022 жылдың 15-24 тамыз күндері Атырау қаласы «Абай орталығында» өтетін фестивальға халықаралық гроссмейстерлер, шеберлер, әлемнің түкпір-түкпірінен келген әуесқой шахматшылар қатысады, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Фестивальдің ұйымдастырушылары мен серіктестері:
– Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы;
– ҚБТУ: Қазақ-Британ техникалық университеті;
– FIDE халықаралық шахмат федерациясы (Fédération Internationale des Échecs);
– ЮНИСЕФ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры);
– Атырау облысы және Атырау қаласы әкімдігі;
– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.

Фестивальға қатысу үшін 2022 жылдың 1 тамызына дейін www.atyrauchessfestival.kz сайты арқылы тіркеуден өту керек. Қосымша ақпараттарды да көрсетілген сілтеме арқылы анықтай аласыз.

Фестивальдің жүлде қоры 13 257 500 теңгені құрайды. Сонымен қатар, фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпазға Қазақстан-Британ техникалық университетіне бакалавриат пен магистратураға грант беріледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз