Жарнама
Спорт

Атыраулық Ерсейіт — Азия чемпионатының жеңімпазы

Алматы қаласында өткен Азия чемпионатының жарыстарында Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Ерсейіт Бралин пауэрлифтингтен жүлделі орынға ие болды.

Аталған департаменттің қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер арасында өткен чемпионатқа 5 мемлекеттен 600-ге жуық спорт шебері қатысты. Чемпионат барлық салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылған.

Екі күнге созылған жарыста спортшылар күштік спорт түрлері бойынша сынға түсті. Тартысқа толы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі Құрманғазы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Ерсейіт Нұрмұхамбетұлы пауэрлифтинг бойынша күш сынады. Ол өзінен үлкен, яғни 105 келі салмақ дәрежесінде III орынды жеңіп алды.
Пауэрлифтингпен күнделікті салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін шынығатын Ерсейіт Бралин бұл спорт түрінен өтетін додалардан бақ сынаудан еш тартынбайтынын айтады.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button