БІР ЖЕҢІС, БІР ӨКІНІШ

Шайбалы хоккейден Ел чемпионаты қыза түсуде. Қарсыластар айдынында кездескен теміртаулық «Арыстан» мен жергілікті «Бейбарыс» хоккей командасы берілетін алты ұпайды өзара бөлісті. Алғашқы кездесуде 1:3 есебімен атыраулық ойыншылар жеңіске жетсе, екінші күні айдын иелері есе қайтарды. Есеп 3:0. Алғашқы күні есепті қарсыластар ашқанымен, Макдональд, Берзиньш және Аболиньштың соққылары командаға жеңіс әкелді. 

Ал, келесі күнгі кездесуде Лоррейн екінші кезеңде қақпамызға шайба енгізсе, Кокавеч екі голдың авторы атанды.
Айта кетсек, павлодарлық «Ертіс» Көкшетау қаласының «Арланын» екі ойын қатарынан жеңіп, турнирлік кестенің бірінші орнына шықса, «Бейбарыс» хоккей командасы «Арланнан» бар болғаны екі ұпайға қалыс қалып, ІІІ орында тұр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз