БОЛМАСАҢ ДА ҰҚСАП БАҚ…

Нұрсұлтан Сакес Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үшінші курста оқиды. 1995 жылы 15 қыркүйекте Махамбет ауданының Бейбарыс селосында дүниеге келген. Отбасындағы алты баланың ортаншысы. Әкесі Нұрбек Сакесов – қарапайым еңбек адамы.

 

Нұрсұлтан – жақсы оқумен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын студенттердің бірі. Сондай-ақ, ол әртүрлі шаралардың жүргізушісі болып, көркемсөз оқумен де айналысады.

Оның есімін атасы Батырғали Юсупов «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген Абайдың өлеңін көңіліне тоқып, «Президент болмаса да, Елбасына қарап бой түзесін, Мемлекет басшысының әр ісін өзіне үлгі етіп өссін» деген тілекпен қойған екен. Біз де осы тілекке қосыламыз.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз