![Бибісара Асаубаева Қазақстанның үздік шахматшылары рейтингінде көш бастады 1 f28b2f56 dd23 41b0 b219 6547dd946d1f](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/08/f28b2f56-dd23-41b0-b219-6547dd946d1f.jpeg)
Бибісара Асаубаева Қазақстанның үздік шахматшылары рейтингінде көш бастады
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Әбу-Дабидегі Халықаралық шахмат фестивалінде жеңіске жетіп, Қазақстанның шахматшылар рейтингінде үздік атанды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.
Әбу-Даби фестивалінде әйелдер арасында бірінші орынды Бибісара Асаубаева иеленді (мүмкін болған 9 ұпайдан 5,5 ұпай, жалпы рейтингте 22 орын). Бұл нәтиже спортшыны қазақстандық шахматшылар рейтингінде бірінші орынға шығарды.
Қазақстандық қатысушылардан құралған «Masters» тобында ерлер арасындағы үздік нәтижені Арыстанбек Оразаев көрсетті. Ол 9 ұпайдан 6,0 ұпай жинады. Мықты қарсыластармен өткен екі соңғы жеңісі ақтөбелік шеберге гроссмейстер балл нормасын орындауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, әйелдер турнирі («Ladies») мықты құрамды жинады. Альфия Насыбуллина (Астана) 7 ұпайдан 5,5 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша бесінші орынды иеленді. Анель Мұратованың (Алматы) еншісінде 5,0 ұпай бар, ол жалпы есепте 10-шы орында.