Азия ойындары: Қазақстан спортшылары бүгін қандай жарыстарға қатысады
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бүгін, 27 қыркүйекте Қазақстан құрамасы қандай жарыстарға қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан спортшылары 27 қыркүйекте қатысатын жарыстар:
7: 00, 10:00 – Нысана көздеу. 3 позициядан төмен калибрлі мылтық. Әйелдер.
7: 00, 10:30 – Нысана көздеу. Спорттық тапанша, 25 м. Әйелдер
7:00, 12:30, 13:30 – Стендтік ату. Скит.
7:00, 12: 00 – Таэквондо. 67 келі (әйелдер), 68 келі, 80 келі (ерлер).
8:00, 13:00 – Велотрек. Спринт.8:00, 14:00 – Дзюдо. Командалық турнир.
8: 00 – Теннис. Ж.Құламбаева / Г.Ломакин – С. Тухтаева / Б. Исроилов (Тәжікстан), Евсеев Денис – Ватануки Йосуке (Жапония).
8: 00, 17: 30-Жүзу. 100 м баттерфляй, арқамен жүзу 100 м, 100 м брасс, 4 х 100 м аралас эстафета (микс).
10:15, 15:45, 17:30 – Үстел теннисі.12:15-Бокс. 50 келі. Назым Қызайбай – Таманг Сусма (Непал).
14:15-Бокс. 92 келі. Сағындық Тоғамбай – Дорж Бариахан (Моңғолия)
18:30-Бокс. 63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов – Усмонов Баходур (Тәжікстан).
12:15, 13: 05-Баскетбол 3х3. Әйелдер. Қазақстан-Непал, Қазақстан-Катар.
12:30-Семсерлесу. Қылыш. Әйелдер. Қазақстан-Қытай.
13:00. Спорттық гимнастика. Көпсайыс. Әйелдер. Финал.
13:00 – Гандбол. Әйелдер. Қазақстан – Өзбекстан.
13: 00 – Шахмат. Жекелей жарыс. 8-9 раундтар.
15:30 – Баскетбол 5х5. Әйелдер. Қазақстан-Филиппин.
16:30 – Көгалдағы хоккей. Әйелдер. Қытай – Қазақстан.
17: 00 – Ватерпол. Әйелдер. Қытай – Қазақстан.
17:30. У-шу. Санда 52 келі. Аян Тұрсын-Ли Юеяо (Қытай). Жартылай финал.