Жарнама
Спорт

Атыраулық жас шахматшылар жеңіспен оралды

Алматыда шахматшылар арасында өткен ҚР чемпионатында атыраулық шахматшылар 2 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спорттық дода балалар, жасөспірімдер және жастар арасында классика, рапид және блиц түрлерінен өтті. Аталған жарыста атыраулық шахматшылар командалық есепте 4-орынға жайғасты. Облыс атынан барған спортшылар 5 медальге қол жеткізді. Оның ішінде 2 алтын, 1 күміс, және 2 қола бар. Қыздар арасында 14 жасқа дейін Зарина Нұрғалиева классикада алтын, блицта күміс және рапидте қола жүлде иеленді. 8 жас аралығында классикада Сымбат Жетпіс қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, ұлдар арасында 18 жас аралығында Абзал Әмірәлі рапидтен жеңімпаз атанды.

Үздік атанған шахматшылар Грузияда өтетін шапшаң шахмат ойынына және Италияда классика ойынан өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button