Атырауда баскетболдан ұлттық мектеп лигасы өтті

aaaa Спорт

Атырау облысы Білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларының арасында баскетболдан ұлттық мектеп лигасы өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім еткендей, барлығы 7 команда бақ сынаған облыстық лига үздік үштікті анықтады. Аталған орталықтың дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Хангелді Байтілеуов жасөспірімдер арасында баскетболға деген қызығушылықтың жоғарлығынан өңірімізде бұл спорт түрі қарқынды дамуда екенін айтты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды Құрманғазы ауданы, 2-орынды Атырау қаласы, 3-орын Жылыой ауданы иеленді. Өзге аудандық командалар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздарға Атырау облысы Білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының медаль, кубок және дипломдары табыс етілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз