Жарнама
Спорт

Атыраулық таеквондошылар олжалы оралды (+видео)

Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен әлем біріншілігінен атыраулық GTF таеквондошылар олжалы оралды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бішкек төрінде өткен бәсекеге атыраулық 12 спортшы қатысты. Олардың бесеуі  алтынды қанжығаға байлады. Жалпыкомандалық есепте ресейлік спортшыларды алға жіберіп, екінші орынға табан тіреген ел командасы, алаң иелерін қапы қалдырды.

Бабы мен бағы жанған 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 46 келі салмақ дәрежесінде Дәулетхан Ерланұлы, 52 келіде Аспанбек Бақтыбек, 58 келіде Айбек Демегенов жарыс жеңімпазы атанса,  70 келіде Матвей Толстов қола медальға ие болды. Ал, 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 55 келі салмақ дәрежесінде Бекзат Көшбай мерейі үстем болса, 65 келіде Дана Ерланқызы күмісті қоржынға салды.

Атыраулық команданың ең жас таеквондошылары 10-11 жас аралығындағы балалар арасында 26 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Амир Умаев, 48 келіде Захар Пак татамиде қарсылас шақ келтірмесе, Расул Беріков жүлделі үшінші орынға қол жеткізді.

t 1

Әлем біріншілігіне дейін екі ай дайындық жүргізген атыраулық спортшылар соңғы он күндікте Ақтөбе облысында оқу-жаттығу жиынынан өткізген. Атырау облысының GTF таеквондодан аға жаттықтырушысы Берік Әлжанов жарысқа қатысуға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі қолдау білдіргенін айтады.

t 2

– Жарыс барысында төрт қарсыласпен кездесу өткіздім. Алғашқы қарсыласым армениялық спортшыны 4:0 есебімен ұтып, екінші кездесуде белоруссиялық таеквондошыны жаттықтырушымның нұсқауымен басым түстім. Жартылай финалда ресейлік қарсыласпен кездесу оңайға соққан жоқ, десе де бар күш-жігерімді жинап, ұпай санымен жеңіске жеттім. Ал, ақтық сында қайсарлық танытып, ұтымды әдіс-тәсілдерге сүйеніп жергілікті спортшыдан айламды асырдым, — деді әлем біріншілігінің жеңімпазы Аспанбек Берікұлы.

Алмас Бауыржанұлы,

Суреттерді түсірген Әнуар Әбілғазиев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button