Атыраулық пара жеңіл атлетика спортшылары алтыннан алқа тақты

4p5a828 Спорт

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев республикалық VI жазғы паралимпиада ойындарының алтын жүлдегерлері – Айдана Әлиева мен Амангелді Ешимовты қабылдады,  деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

13-17 мамыр күндері Алматы қаласында жеңіл атлетикадан республикалық паралимпиада ойындары өтті. Оған Атыраудан 11 пара спортшы қатысып, 13 алтын, 8 күміс, 4 қоланы қанжығалап қайтты. Тартысты додада Айдана Әлиева 100 метр және 200 метр қашықтыққа секіруден қос алтын иемденіп, диско лақтырудан қола жүлдегер атанған. Ал, Амангелді Ешімов найза лақтыру мен 3,60 метр қашықтыққа секіруден қос алтын алып, диско лақтырудан 2-ші орынды иемденді.

Өңір атын асқақтатып келген спортшыларға облыс әкімінің орынбасары ризашылғын білдіріп, алғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етті. Сонымен қатар, пара спортшыларға тиісті қолдау көрсетілетінін айтып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

– Тірек-қимыл аппараты және көру органдары зақымданған спортшылар арасында өткен паралимпиада ойындарындағы жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Атыраудың атын асқақтатып, қос жүлдемен оралғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар, сіздердің тараптарыңыздан айтылып жатырған ұсыныс-пікірлеріңізді қабылдап, сол бойынша жұмыстанамыз. Қазіргі уақытта спортшылардың спорттық киімдерін біртіндеп жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол кезең-кезеңмен іске асырылады. Сондай-ақ, өңірде дамымай отырған паравело-спортты да дамытуды көздеп отырмыз. Қажеттіліктеріңізге сай келетін барлық спорт құралдары мемлекеттік сатып алу арқылы қарастырылады,- деді Ж.Бисембиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз