
Спорт
Атыраулық спортшылар қол күресінен әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Атыраулық спортшылар Румынияның астанасы Бухарест қаласында армрестлингтен әлем біріншілігі және пара-армрестлингтен әлем чемпионатында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
50-ге жуық мемлекеттен қол күресінің шеберлері қатысқан байрақты бәсекеде Исатай ауданының 3 спортшысы бақ сынады.

Соның ішінде жерлесіміз пара-армрестлингтен ерлер арасында өнер көрсеткен Аслан Қайрушев 90 келі салмақ дәрежесінде мықтылық танытып, оң қолдан қола жүлдені қанжығасына байласа, пара-армрестлингтен 70 келі салмақта өнер көрсеткен Әсия Нәбиева оң және сол қолдан да күміс жүлде иеленді.
