Елена Рыбакина тағы бір тарихи жеңіске жетті

screenshot 6 1 Спорт

Әлемнің жетінші ракеткасы, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Майамиде бельгиялық Элиз Мертенсті жеңді. Бұл қазақстандықтың WTA турындағы қатарынан 11-жеңісі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина 28 наурызға қараған түні АҚШ-тың Майами кортында бельгиялық Элиз Мертенспен кездесті. Кездесу 6:4, 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Осылайша Қазақстанның үздік теннисшісі Мастерс сериясындағы ірі турнирдің ширек финалына шықты. Бұл Рыбакина үшін тарихи жеңіс екенін ескеріңіз: бұдан бұрын Майамиде өткен турнирде ол үшінші айналымнан аса алмады. Жартылай финалға шығу үшін Елена Рыбакина итальяндық Мартина Тревизанмен (24) ойнайды.

26 наурызда Елена испандық Паула Бадосадан басым түсіп, мықты жеңіске жетті. Кездесу 3:6, 7:5 есебімен аяқталды.

Елена Рыбакина Уимблдон-2022 турнирін жеңгеннен кейін қазақстандық жас теннисшілерді қолдауға ақша бөлгені кеше белгілі болды. Кімді қолдайтынын Рыбакина өзі таңдады. Осылайша 14 ойыншы 2,5 миллион теңгеден алды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз