Атыраулық баскетболшылар ҚР күзгі чемпионатында жүлдегер атанды

6b0602a1 bbd2 4d91 89bb 5a11825f7502 Спорт

2012-2013 жылы туған балалар арасында өткен чемпионатта  атыраулық баскетболшылар үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Жас спортшылар үшін бұл – алғашқы чемпионат әрі алғашқы жеңіс. Жарыс Ақмола облысы Щучинск қаласында 25-31 қазан аралығында өтті. Чемпионатта еліміздің  түкпір-түкпірінен келген командалар бақ сынады. 

509f4b83 8299 47a6 b8f8 08f977569d16

Қорытындыда атыраулық команда Астана баскетболшыларын  1 ұпаймен жеңіп, 12 балмен III орынды иеленді. Алматылық командалар 15 және 14 ұпаймен  I және II орынды иеленді. Атыраулық Әли Жұмабай  үздік ойыншы атанды.

52dc61d4 c9fb 4b30 9540 57f81d62df9b

«Жас спортшыларымыз  биыл ғана ойнап бастады. Өзін көрсеткен ойыншылар бар, көрсете алмағандары да болды. Бұл командада қаланың ең үздік баскетболшылары топтасқан.   Алдағы жарыстар мен чемпионаттарға облысымыз бойынша 11-12 жас аралығындағы ұлдарды іріктейтін боламыз», – дейді Атырау облысының баскетболдан аға жаттықтырушысы Саламат Тургаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз