Жарнама
Спорт

Атыраулық спортшы кикбоксингтен әлем кубогының жеңімпазы атанды

Жұмабаев Нұрсұлтан кикбоксингтен Әлем Кубогының жеңімпазы атанды.

Венгрия елінде өткен кикбоксингтен ерлер арасындағы Әлем Кубогында ел құрамасы 20 алтын, 13 күміс, 28 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында атыраулық спортшылар Жұмабаев Нұрсұлтан алтын медаль және Назарбеков Жандос қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, кикбоксингтің бірнеше түрі бойынша өткен жарысқа 42 мемлекеттен 2807 спортшы қатысты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button