Атырауда кіші аяқ доптан турнир басталды

15037e73 1fe2 423b 94ce 92cd9e14b0bc Спорт

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» – деп атап өткен еді.

Президенттің бұл тапсырмасы аясында бүгін Атырау қаласындағы орталық денешынықтыру- сауықтыру кешенінде облыстық мәслихаттың ұйымдастыруымен кіші аяқ доптан турнир басталды, деп хабарлайды atr.kz

ef66d980 a403 4a16 bf17 295938eb1a8f

“Турнирге Атырау қаласының тұрғындары қатысуда. Мақсаты – жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлыққа қарсы жастарды ауызбіршілікке шақыру”,- дейді ұйымдастырушы,  мәслихаттың Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Нұрлыбек Даралиев.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз