Жарнама
Спорт

Атыраулық спортшы Американы бағындыруда

Жергілікті спортшы Айбек Абдилов дзюдо спортымен енді Америкада жаттығады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дарынды спортшы Айбек Абдилов жастайынан шет елдердерде көк байрақты көкке көтеруді армандаған. Ол 10 жасынан бастап дзюдо спортымен кәсіби түрде айналысады. Америкаға бармастан бұрын спортшы самбо күресінен ең айтулы деген жарыс — Әлем Кубогін ұтып, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағына ие болды. Дзюдодан түрлі деңгейдегі турнирлерде жеңіске жетті.

— Америкада спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалынған. Әсіресе әлемнің ең мықты деген жекпе-жек шеберлерімен үнемі тәжірбие алмасу мүмкіндігі туады. Сол үшін де бұл елдегі бәсекелестік деңгейі өте жоғары. Кез-келген спортшының арманы деп ойлаймын,- деді А.Абдилов.

Айта кетейік, 24 жастағы Атыраудың тумасы дзюдодан «Golden State Open» турнирінде күміс жүлде жеңіп алса, джиу-джитусдан «All Americas Jiu-Jitsu Tournament» және грепплингтен «American Grappling Tournament» сайыстарында жеңімпаз атанды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button