Спорт

Атыраулық спортшы әлем чемпионы атанды

Спортшы Абдусамат Бақыт джиу джитсудан АҚШ-тың Флорида штатында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Сегіз айдан бері АҚШ-та тұрып жатқан Абдусамат Алматы қаласындағы республикалық спорт колледж бен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының түлегі.

Бүгінде АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұрып жатқан спортшыға мамандардан ұсыныс түсіп, АҚШ-тағы жергілікті клубтың атынан өнер көрсетуге шақырыпты.
Айта кетейік, атыраулық спортшы бұған дейін дзюдодан Еуропа кубогының жеңімпазы, жастар арасындағы ел чемпионатының жүлдегері, бірнеше мәрте республикалық және халықаралық турнирлердің жүлдегері атанған.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button