Жарнама
Спорт

Атыраулық спортшы ТМД елдері ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы каратэден ТМД елдерінің II ойындарында төртінші алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Беларустің Могилев қаласында өтіп жатқан ТМД елдерінің II ойындарында каратэден жарыстың бірінші күнінде құрама сапында бақ сынасқан жерлесіміз Әбілмансұр Батырғали 75 келі салмақ дәрежесінде II орын иегері атанды.

Айта кетсек, Әбілмансұр Батырғали карате-додан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жастар арасындағы әлем чемпионы, ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button