Жарнама
Спорт

Атыраулық шахматшы қыз әлем чемпионы атанды

Атыраулық 13 жасар шахматшы қыз Зарина Нұрғалиева Румыния елінде өткен Әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Зарина 72 елден жиналған 96 шахматшының арасында «классика» түрінен алтын жүлдеге ие болды. Ол АҚШ, Канада және Ресей елінің ойыншыларымен тең ойнаса, Үндістан, АҚШ, Польша, Украина, Әзірбайжан, Латвия және Ресей елінің шахматшыларын жеңіп, 11 кезеңде 9 ұпай жинады.

-Спортшымыз көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды әуелетті. Заринаны бұл додаға белгілі жаттықтырушылар Жәнібек Аманов және Сабырбай Гайсин дайындады. Алда әлі бірталай жарыс бар. Сол ойындарда да Зарина Нұрғалиеваның жеңіске жететініне сеніміміз мол, дейді Н.Төлеуова.

Айта кетейік, Зарина Нұрғалиева 2019 жылы Беларусия елінде 12 жасқа дейінгілер арасында алтын жүлдеге ие болып, шахматтан өңірімізден шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанған еді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button