
Спорт
Атыраулық командалар параволейболдан Азия чемпионатына қатысады
Атырауда 17-19 сәуірде өткен волейболды отырып ойнаудан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогында жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді. Додаға еліміздің бірнеше өңірінен сегіз команда қатысты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарыстың нәтижесінде Атырау-1 командасы жеңімпаз атанып, Қызылорда құрамасы екінші орынға ие болды. Ал Атырау-2 командасы үздік үштікті қорытындылады.

Осылайша, Атырау-1, Қызылорда және Атырау-2 топтары маусым айында Қытайда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Айта кетейік, Қазақстан кубогының екінші кезеңі қараша айында Астанада өтеді.