Спорт
Атыраулық каратешілер халықаралық сайыстың жүлдегері атанды
9-11 желтоқсан күндері Грузия мемлекетінің Батуми қаласында каратеден Қара және Каспий теңіздері елдерінің ашық чемпионаты мәресіне жетті.
Аталмыш жарысқа ресми шақыртумен Грузия, Түркия, Армения, Иран, Қазақстан, Әзірбайжан, Израил, Өзбекстан сынды мемлекет спортшылары қатысып, жеке және командалық Ката мен Кумитэ бағдарламалары бойынша бақ сынасты.
«Атыраулық спортшылар 2 күміс және 2 қола медальдарға ие болды. 65 келі салмақ дәрежесінде Венера Турганова ката мен кумитэ сайыстарында күміс жүлделер жеңіп алды. 61 келіде Зарина Асқарқызы мен ерлер арасында 75 келіде Бекзат Сайнов кумитэ бағдарламасында қола жүлде жеңіп алды», — деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.