Жарнама
Спорт

АТЫРАУЛЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ!

20-21 шілде күндері Тайланд елінің астанасы Бангкок қаласында дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты өтті.

Жарыста жерлестеріміз Эсимгуль Куюлова жеңіс тұғырынан көрінсе, Дана Абдирова күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Құрлық додасында 16 елден 174 спортшы бақ сынады. 63 келі салмақта атыраулық спортшы Эсимгуль Куюлова 15 спортшының арасынан үздік шықты. Жерлесіміз іріктеу кезеңінде тайландықтық спортшы Бунанек Мантирадан басым түсті. Жартылай финалда үндістандық балуан Эсмигулиндшарма Уннатиді және ақтық сында Қырғызстан өкілі Исаева Ажарды ұтты.

Ал, 57 келі салмақта атыраулық спортшы Дана Абдирова 13 спортшының арасынан екінші орынға ие болды.

Дана іріктеу кезеңдерінде тағы бір қазақстандық спортшы Мұханбет Динадан басым түсті. Жартылай финалда моңғол балуаны Ганбат Мунхтуяны ұтты. Ақтық сында Үндістан өкілі Линтой Чанамбамнан ұтылды.

Айта кетейік, биыл қос спортшы үшін жемісті жыл болып отыр. Өйткені, Эсимгуль биыл Азия және Еуропа Кубогтерінің иегері атанса, Дана биыл сәуір айында Ташкент қаласында өткен Азия Кубогінің иегері атанған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button