Жауынгерлер шеберлік танытты (+ФОТО)

img 20220815 wa0039 Спорт

Атырауда құқық қорғау органдары және арнайы құрылым қызметкерлері арасында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының республикалық ІХ жазғы спартакиадасы мен Республика Ішкі істер министрлігінің ІХ спартакиадасы бағдарламасы аясында жарыс өтті.

Жарысқа еліміздегі барлық құқық қорғау және күштік құрылымдардың спортшыларынан құралған 23 команда тартысты жекпе-жек көрсетті.

Чемпионат қорытындысында мемлекеттік органдар арасындағы додада I орынды Ішкі істер министрлігі, II орынды Мемлекеттік күзет қызметі, III орынды Ұлттық ұлан командалары өзара бөлісті.

Ал, аумақтық департаменттер арасында I орын Атырау облысы, II орын Қарағанды облысы, III орын Ақтөбе облысының полиция департаменттерінің қанжығаcына бұйырды.

Облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрхат Оразбаев жүзден жүйрік шыққан спортшыларға арнайы марапаттар табыстады.

– Атыраудағы республика біріншілігіне алдын ала өткен іріктеу жарыстарының жеңімпаздары қатысты. Жауынгерлер олимпиадалық жүйе бойынша халықаралық ережелерді басшылыққа алды. Осындай жарыстар арқылы жауынгерлердің денешынықтыру дайындығын, спорттық шеберлігі мен біліктілік деңгейлерін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау өте маңызды, – деді жарыстың бас төрешісі Ғалымжан Ақшолақов.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

img 20220815 wa0038
img 20220815 wa0042
img 20220815 wa0040
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз