Спорт

Атыраулық дзюдошы Альфия Тілекқабыл – Париждегі Паралимпиаданың ең жас қатысушысы

28 тамызда басталатын Париждегі (Франция) паралимпиада ойындарында Қазақстан паралимпиадалық құрамасының лицензиялары мен қатысушыларының саны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengri Sport.

Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде (Франция) өтеді. Қазақстан спорттың 9 түрінен 44 қатысушыға 33 лицензияны жеңіп алды. Паралимпиадаға қатысатын спортшылардың есімдері де белгілі.

Пара үстел теннисі: Әли Махулбеков.

Пара каноэ: Жаңыл Балтабаева және Бейбарыс Спатай.

Пара оқ ату: Севда Алиева және Еркін Ғаббасов.

Пара жүзу: Зульфия Ғабидуллина, Сиязбек Далиев, Нұрдәулет Жұмағали, Әмір Мұратбеков.

Пара жеңіл атлетика: Дастан Мұқашбеков, Жоламан Еламан, Гүлбахыт Қайыржанова, Салтанат Әбілхасымқызы.

Пара таэквондо: Нышан Өмірәлі, Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Милан Красавцева.

Пара пауэрлифтинг: Давид Дегтярев, Раушан Қойшыбаева, Рахметжан Хамаев, Тұрсынай Кабыл, Станислав Шакиев.

Отырып ойнау волейболы: Берік Ізмағанбетов, Пердебай Намуратов, Нұртау Мұқанбетқалиев, Жанғали Сүйеуов, Бауыржан Сартаев, Қуаныш Тажиков, Ерлан Битемиров, Ерік Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Ерболат Алтаев, Акылбек Шикибаев, Ерасыл Абдибек.

Парадзюдо: Бауыржан Арстанбеков, Акмарал Науатбек, Зарина Райфова, Галымжан Смагулулы, Ерлан Утепов, Даяна Федосова, Ергали Шамей, Журкамырза Шукурбеков, Аяла Мереке, Альфия Тілекқабыл.

Паралимпиада ойындарында Қазақстан Туын көтеру мәртебесі Берік Ізмағанбетовке (отырып ойнау волейболы) және Севда Әлиеваға (оқ ату) сеніп тапсырылды.

Паралимпиаданың ең жас қатысушысы 18 жастағы дзюдошы Альфия Тлеккабыл. Ал, жасы жағынан ең үлкені 59 жасында паражүзу ойынынан өнер көрсететін Зульфия Габидуллина болды. Сондай-ақ, волейболдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингтегі 75 елдің ішінен үздік алтылықтың қатарына кіретіні белгілі.

Сурет: Жанаргүл Нығметова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button