Жарнама
Спорт

Атырауда желаяқтар жарысы басталды

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Еуропа кубогінің иегері, Кеңес одағының бірнеше дүркін жеңімпазы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Әмин Тұяқовтың 85 жасына арналған жеңіл атлетикадан жарыс басталды.

Университет стадионында өтіп жатқан жарысқа мерейгердің өзі де қатысып, өзі түлеп ұшқан өңір басшылары мен университет ұжымына алғысын білдірді. Одан соң, жарысқа шақырылған құрметті қонақтар жылы лебіздерін білдірді. Бұдан соң, жарыстың бас төрешісі Нұролла Мәмбетов жарыстың бағдарламасымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қатысуға ниет білдірген облыстың барлық тұрғындары өзара мықтыларды анықтамақ. Қатысушылар 100, 400, 800, 1500 метрге жүгіруде.

Алмас ҚАБДОЛОВ
Сурет автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button