Елена Рыбакина тапқан табысы жөнінен әлемде көш басына шықты

screenshot 6 2 Спорт

Майами WTA 1000 турнирінің финалына шыққаннан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина тапқан табысы жөнінен көш басына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Спорт Шредингера» телеграм-каналынан алынған мәліметке қарағанда, қазақстандық теннисші әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы басып озды.

Жыл басынан бері Елена 3 млн 178,819 мың, Арина 3 млн 118,046 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.

Әлемде 2023 жылы ең көп табыс тапқан теннисшілер үштігі мынадай:

1. Елена Рыбакина – $3 178 819,

2. Арина Соболенко – $3 118 046,

3. Джессика Пегула – $1 979 888.

Майами жарысында Елена Рыбакина қазірдің өзінде 662 360 доллар табыс тауып, 650 рейтингілік ұпайға ие болып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз