«Атырау барысы» атағына Арман Қалиев ие болды

photo 2023 05 04 16 16 50 2 1 Спорт

Атыраудағы «Нұрсая» спорт кешенінде «Қазақстан Барысы» турнирінің облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған іс-шара Астана күніне орай өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу кезеңі болатын.

Спорттық додада қала және аудандардан 15 балуан қатысып, күш сынасты. Жарыстың ашылу салтанатында Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері мен мамандар қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс нәтижесімен «Атырау барысы» атағына Арман Қалиев ие болды. Екінші орынға Бекбол Мұқашев деп танылса, ал үшінші орын Бекзат Шағатаевқа бұйырды.

Сондай-ақ, жарыс жеңімпаздарына медальдер мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Оның ішінде 1 орынға 500 мың теңге, 2 орынға 300 мың теңге, 3 орынға 200 мың теңге берілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз