Атыраулық Аида Хайруллина  қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды

opoop Спорт

16-18 маусым күндері Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қоян-қолтық ұрыстан ересектер арасындағы VII әлем чемпионаты өтті.

Сайысқа 32 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Олар екі бағдарламада бақ сынады. Хайдар Есенғалиев бастаған Атырау облысының спортшылары 1 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында 70 келі салмақта Аида Хайруллина екі бағдаралама бойынша сынға түсіп, алтын және қола жүлделерге ие болды. Динан Жұмағазиева күміс жүлдеге қол жеткізлі.

Ерлер арасында өзін-өзі қорғау бөлімінде Алихан Сейтов, Бек Насихатов және Хайдар Есенғалиев күміс медаль еншіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз