Паралимпиада жеңімпаздары ауыл жастарымен кездесті

whatsapp image 2021 10 15 at 10.54.42 Спорт

Кеше Тасқала елді-мекеніндегі №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ҚР парадзюдодан бас жаттықтырушысы Қиянов Жандос Қарақожаұлы, Жапон елінің, Токио қаласында өткен паралимпиада ойындарының күміс медаль иегерлері Сариев Ануар Берікұлы, Теміржан Дәулет Серікұлы және Байбатина Зарина Боранбайқызының қатысуымен кездесу өтті.

Жеңімпаздармен кездесуге ауыл жастары, Тасқала селосындағы Т.Амандосов атындағы орта мектеп пен №32 мектептің  оқушылары қатысты.

Теміржан Дәулет, дзюдаист:

̶  Бүгінгі жас спортшыларшылармен кездесуден алған әсерім өте керемет. Өз өмірімізден мысал келтіре отырып балалар алға қарай ұмтылсын, облыстық, республикалық одан қала берді Азия чемпионаттарына шықсын деген мақсатпен келдік. Біздің мойнымыздағы медальды ұстап, рухтары оянып, әңгімелесе отырып олар жігерленді десем де болады. Соңымыздан ерген жас спортшыларға айтарым, ата – аналарыңды тыңдап, дайындықтан қалмай, әр сүрінген қадамдарыңды тек жақсылыққа жорыңдар деймін. Өйткені, сәттілік сүрінген қадамыңнан бастау алуы мүмкін.

whatsapp image 2021 10 15 at 10.54.46

 Кездесу соңында паралимпиада жүлдегерлеріне көрермен тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, артынша жас спортшылар жеңімпаздардың қолтаңбаларын алып, естелік суретке түсіп, кездесу музыкалық кешпен жалғасты.

whatsapp image 2021 10 15 at 10.54.44 1
whatsapp image 2021 10 15 at 10.54.44
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз