Жарнама
Спорт

Атырауда «Шекарасыз балық аулау» турнирі өтті

Балық аулау – жазғы күнді таза ауада өткізіп, күйзелісті жеңілдетудің, рухани сергектікті арттырудың тамаша тәсілі. Дегенмен, өкінішке қарай, мұндай мүмкіндік мүгедектігі бар адамдар үшін үнемі қолжетімді бола бермейді. Осы себепті «Біз де адамбыз» қоғамдық қоры «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен мүгедектігі бар жандарға арналған спорттық балық аулау турнирін екінші рет ұйымдастырды.

Турнир «Мүгедектігі бар адамдарды тиімді оңалту» жобасы аясында өтті. Бұл жоба мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтенуін, өмір сүру сапасын арттыруды, қоғамға толыққанды араласуын қолдауға бағытталған.

Бұл жолы 20-дан астам қатысушы табиғат аясында жиналып, балық аулаудан өз күштерін сынап, бір-бірімен емен-жарқын сөйлесіп, жағымды эмоцияға бөленді. Көптеген қатысушылар арбаға таңылғаннан кейін алғаш рет қармақ ұстап, балық аулау мүмкіндігін алды.

24b1a2bb fd90 4971 8bd8 590ea3fc0d0c

-«Балық аулау турнирі қатысушыларымыз үшін әр жолы үлкен мерекеге айналады. Бұл шара олар үшін әлеуметтенудің қуатты құралы, жаңа достар тауып, ашық ортада еркін сезінуге мүмкіндік береді», – дейді «Біз де адамбыз» қорының жетекшісі Гүлназ Қосмурзиева.

6130577d 2202 419d b8e2 9aa1fb7ae6a5

Сонымен қатар, турнир барысында қатысушылардың жанындағы сүйемелдеушілерге арналған тренинг ұйымдастырылды. Онда қарым-қатынас, эмоцияны басқару, күйзелісті жеңу және ішкі ресурс жинау бойынша жаттығулар мен интерактивті тапсырмалар өтті. Себебі мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын жақындары да қолдауға мұқтаж.

81c6b03b 529a 4453 9c22 ca8cd7e7e644

-Қатысушылардың балық аулап, қуанып, ашық сөйлесіп отырғанын көргенде, мұндай кездесулердің маңыздылығын терең түсінесің. „Теңізшевройл“ компаниясы үшін осындай ізгі істің бір бөлшегі болу – үлкен қуаныш. Біз әр адамның өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қалаймыз», – деді «Теңізшевройл» компаниясының өкілі Хэймиш Полс.

2824492b b2ac 4217 ac3d 2c0cacb2167c

Турнир қорытындысында қатысушылар өзара жақсы көңіл-күймен тарасып, осындай мүмкіндіктердің жиі ұйымдастырылуын тіледі. «Біз де адамбыз» қоры алдағы уақытта да мүгедектігі бар жандардың әлеуметтенуін қолдайтын спорттық және мәдени іс-шараларды жалғастыратынын атап өтті.

Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button