«Атырау барыстары» баскетбол командасы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды

346263856 1577324226086306 7843204777434193241 n Спорт

Тұңғыш рет Орал қаласында баскетболдан ҚР чемпионатының көктемгі чемпионаты өтіп, онда «Атырау барыстары» күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған спорттық додада 2011-2012 жылы туған ұлдар мен қыздар бақ сынады. Чемпионатқа жалпы 15 команда қатысты.

«Атырау барыстары» командасы жетінші маусым қатарынан күміс жүлдегер атанып отыр.

Сонымен қатар, маусымның үздік бес ойыншысының екеуі – «Атырау барыстары» командасының ойыншылары Эрик Мак Гилл мен Девин Гилморға жеке марапаттар берілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз