Жарнама
Спорт

Атырауда шахматшылар сынға түсті

Жеңіс күні қарсаңында соғыс және еңбек ардагері, шахматтан облыстың бірнеше дүркін жеңімпазы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Ғабдырахман Айдаралиевті еске алуға арналған XVII республикалық ашық шахмат фестивалі ұйымдастырылды.

Жарысқа Атырау мен Ақтөбе облыстарынан жасөспірімдерге қоса, самайын қырау шалған ардагерлер де, барлығы 84 шахматшы қатысты.

Тартысты өткен жарыстың қорытындысында абсолюттік дәреже бойынша Зарина Нұрғалиева I орын, Нұрбек Хайрошев II орын, Тұрар Шаймардан III орынға ие болды. Сондай-ақ, ардагерлер арасындағы шахмат жарысында Аман Құмаров пен Бөкенбай Ағаша I орын, Төре Жұмағалиев II орын, Мұқанғали Сейітов III орынға табан тіреді. Ал, әйелдер арасындағы сында Гүлнұр Төлеуова I орын, Сәния Камелова II орын, Арай Нұрманова III орынды иеленді.

Жасөспірім қыздар арасында Тоғжан Аронова I орын, Зарина Сабырбайқызы II орын, Айдана Абужарова III орынға ие болса, жасөспірім ұлдар арасында Райымбек Ниязғалиев I орын, Арсен Құмарқан II орын, Бекжан Базарбек III орынға қол жеткізді.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button