Grand Slam: Абиба қола еншіледі

1671595844 Спорт

Атыраулық дзюдошы Абиба Абужакынова Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медаль еншіледі.

Алғашқы екі кездесуде қарсыластарын қиындықсыз ұтқан Абиба, жартылай финалдық белдесуде серб Милиса Николичтен жеңіліп қалды. Осы сәтсіздіктен кейін ол үшінші орынға талас үшін болатын «жұбаныш кездесуіне» шықты.

Боз кілемде Абибаның қарсыласы атанған испаниялық палуан Лаура Мартинез болатын. Кездесу басында жерлесіміз «вазари» әдісін қолданып ұпай қорытындысы бойынша алға шықты. Бұл есеп белдесу соңына дейін өзгеріссіз қалып, Абиба қоланы қанжығасына байлады.

Айта кетейік, бұл Абиба Абужакынованың осы жылға иемденген үшінші жүлдесі. Бұған дейін де ол Париждегі турнирде қола еншілеп, Португалиядағы Гран-Приде алтыннан алқа таққан еді.

Ару ҰЗАҚОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің журналистика мамандығының 5 курс студенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз