Атыраулық спортшы екі дүркін әлем чемпионы атанды

dbe72365 c608 4f21 af98 e13fd95e5e89 Спорт

1-2 мамыр күндері Өзбекстанның Ташкент қаласында панкратионнан ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Ұлттық құрама сапында атыраулық спортшы Әділбек Қайырғали ел намысын қорғап, 77 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Әділбек әлем чемпионатында төрт кездесу өткізіп, Үндістан, Өзбекстан, Украина елдерінің өкілін және тағы бір Қазақстандық спортшыны ұтты.

Одан бөлек, әйелдер арасында бақ сынаған жерлесіміз Қуандықова Айкөрік әлемдік доданың күміс жүлдесін жеңіп алды.

Айта кету керек, Әділбек Қайырғали 2019 жылы Италия елінде әлем чемпионы атанса, 2021 жылы Украинада қола жүлдеге ие болған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз