Атырауда БАҚ қызметкерлері күніне арналған шаралар легі басталды 

edb7e0b6 050a 49fa 883a 96470343cec7 Спорт

Бүгін “Жайық” мәдени-спорт кешенінде БАҚ қызметкерлері күніне орай және Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 100 жылдық мерейтойына арналған “Атырау Ақпарат” медиахолдингінің 1-спартакиадасы бастауын алды. Осылайша, мұнайлы өлкеде “төртінші билік өкілдерінің” кәсіби мерекесіне орайластырылған шараларға старт берілді. Бұл туралы спортакиаданың ашылу рәсімінде аталған медиахолдингтің бас директоры Жасын Біркен атап айтты. 

a9cebbe2 3c51 424b aea2 6f3df46101e0

-Соңғы екі жылда пандемияның салдарынан бұқаралық шаралар өткізілмеді. Енді міне, игі дәстүр жалғасын тауып жатыр. Бүгінгі спартакиада Атырау облысында БАҚ қызметкерлеріне арналған шаралардың алғашқысы,-деді өз сөзінде Жасын Біркен. 

Сондай-ақ, салтанатты ашылу рәсімінде ардагер-журналист Төлеген Берішбай,  медиахолдинг бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов құттықтау лебіздерін арнап, журналист-спортшыларға сәттілік тіледі. 

f38faac8 5873 4c78 9bba 8dc3ab47ab4e

Атап айту керек, спартакиада кіші аяқ доп, волейбол, үстел теннисі, шахмат, шашка және тағы да басқа спорт түрлерінен өткізіліп жатыр. Дүбірлі додада алты команда бақтарын сынауда.

Айбөпе Сабырова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз