Атырауда 8 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы орталық стадион мен Индер ауданы Жарсуат ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар 8 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Яғни Индер ауданы Көктоғай ауылы, Қызылқоға ауданындағы Миялы мен Сағыз ауылы, Исатай ауданы Тұщықұдық селосында және Атырау қаласындағы Химпоселок, Бірлік, Дамба және Ақсай мөлтек аудандарында көпфункционалды спорт алаңдарын салу жоспарланып отыр.
-2023 жылы жергілікті бюджет есебінен Қызылқоға ауданындағы Жасқайрат және Тасшағыл ауылына спорт кешенің құрылысын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар НКОК және ТШО компанияларының қаражаты есебінен Атырау қаласында спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты мен Жанаталап ауылында спорт кешенін салу жоспарлануда,- деді Қ.Нұртаев.