Атырауда дойбышылар сынға түсті 

fad61e19 c7c7 4e50 bf44 8cb8122958d2 Спорт

Атырауда Республика күні қарсаңында Кеңес одағының батыры Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған жасөспірімдер мен кадеттер арасында дойбыдан облыстық турнир басталды.

1431504d d36f 40ff a3ce e83308dba7de

Жарысқа 30 дойбышы қатысып жатыр. Жарыстың бас төрешісі Еркін Үсеновтың айтуынша, турнирден жеңімпаз атанғандар алдағы өтетін ересектер арасындағы турнирге жолдама алады.


– Бұл шаралар күнтізбелік жоспар бойынша дәстүрлі түрде өтіп отырады. Ересектер арасындағы турнирден жеңімпаз атанғандар Қазақстан чемпионатына қатысады. Балалардың жарысқа қатысуға ниет білдіргендерінің өзі жеңіс деп білемін. Уақыттарын бос өткізбейді, – деді Еркін Өтегенұлы.

Алмас ҚАБДОЛОВ,
суреттер автордікі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз