«НҰРЛЫ ЖЕР»: Баспаналы болды! (+ВИДЕО)

whatsapp image 2020 08 28 at 08.22.46 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/29 тамыз, 2020 жыл. Мереке қарсаңында атыраулық 33 отбасыға пәтер кілті табысталды деп, хабарлайды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі.

https://www.facebook.com/atyrauakimat/videos/1170575716658243/

Жаңа пәтерлер «Нұрсая»  ықшам ауданында бой көтерген 9 қабатты тұрғын үйлердің бірінен берілді.  Баспаналы болғандардың дені, 2013 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар. 

  • –    Бұл –  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалға берілген пәтерлер. Бастысы, тұрғындар үшін қолайлы. Аталған бағдарлама аясында жыл басынан бері, яғни 8 ай ішінде баспаналы болғандардың саны 257-ге жетті  –деді тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиев.

Еске сала кетейік, өткен жылы тұрғын үй кезегінде тұрған түрлі санаттағы 257 отбасы баспаналы болған еді. Биыл, бұл көрсеткіш арта түспек. Себебі, 8 ай ішінде 250-ден астам отбасы пәтер кілтін алып үлгерді. Жыл аяғына дейін, тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан бөлек, апатты жағдайдағы жатаханаларды да көшіру көзделіп отыр. 

whatsapp image 2020 08 28 at 08.22.46 2
whatsapp image 2020 08 28 at 08.22.46 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз