Қасиетті Рамазан айы 6 мамыр күні басталады (+КЕСТЕ)

news image 17029 Жаңалықтар

Аtr.kz/26 сәуір, 2019 жыл. Қасиетті Рамазан айы 6 мамыр күні басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

ҚМДБ шариғи үкімді негізге алып, ғылыми зерттеу жұмысының нəтижесін ескеріп, сонымен қатар, Орталық Азия елдері мүфтиятының шариғат жəне пəтуа бөлімінің ғалымдарымен ортақ пəтуа қабылдай отырып, 6 мамыр – Рамазан айының бірінші күні деген шешім шығарды.
Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым – ораза айттың бірінші күні.

Шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында күнде таң атқаннан бастап күн батқанға дейін оразаны ниет етіп, ішіп-жеуден, төсек қатынасынан тыйылу парыз.


Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым – ораза айттың бірінші күні.

Хайыз және нифас кезінде әйелдер ораза ұстамайды. Жүкті немесе бала емізетін әйелдер ораза тұтқан кезде өзіне немесе баласына зиян келуден қорықса, сырқат кісі ауруының асқынуынан қауіптенсе, олардың ораза ұстамауларына болады. Бұлар оразаның қазасын Рамазан айынан кейін өтеп береді.

Рамазан айында жолаушыға да ораза ұстау міндет емес. Сапардан қайта оралғанда, қазасын өтейді.

Кәрілік немесе жазылмайтын ауру себебінен ораза ұстауға шамасы келмейтін адамдар оразаның әр күні үшін підия береді. 


Пітір садақаның мөлшері – 300 теңге

Пітір садақаның мөлшері – 300 теңге. Бұл – пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден артық беруге де болады.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.



1. НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
 

Nur Sultan


2. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
 

Almaty


3. АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
 

Aqtobe


4. КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ
 

Kokshetau


5. АТЫРАУ ҚАЛАСЫ
 

Atyrau


6. ОРАЛ ҚАЛАСЫ
 

Oral


7. ТАРАЗ ҚАЛАСЫ
 

Taraz


8. ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ
 

Qaragandy


9. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ
 

Qyzylorda


10. ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ
 

Qostanai


11. АҚТАУ ҚАЛАСЫ
 

Aqtau


12. ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ
 

Pavlodar


13. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ
 

Shymkent


14. ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ
 

Petropavl


15. ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ
 

Oskemen


16. СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ
 

Semei



17. ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ
 

Taldyqorgan
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз