Жайық жағасының жайы қалай?

zэzэzэ Шаһар шырайы

Көктемгі тасқын су қаупінің алдын алу үшін Атырау қаласында Жайық өзенінің бойындағы бөгеттер биіктетілуде. Бүгін Еркінқала ауылдық округінде аталмыш жұмыс басталып кетті.

Оған 3 арнайы техника мен 4 жүк көлігі жұмылдырылды. Топырақ алатын жердің аумағы белгіленіп, қауіпті аймақтың картасы жасақталған.
-Еркінқала ауылдық округі бойынша су тасқыннан қорғау бөгетінің жалпы ұзындығы 27 шақырым. Ал Ракуша ауылына тиесілі Жайық өзенінің ұзындығы 2,5 шақырымды, оның ішінде қауіпті деп танылған 200 м жерде бөгет биіктетіліп жатыр, – дейді Еркінқала ауылдық округінің әкімі Мұхтар Құмарғалиев.


Сонымен қатар, төтенше жағдайдың алдын алу үшін Еркінқала селосында 4 шақырым ұзындықта өзеннің осал тұсындағы бөгеттерді көтеру жұмысы атқарылады. Бұдан бөлек су тасқынына қарсы Қайыршақты, Атырау, Алмалы, Еркінқала, Дамба ауылдық округтерінде бөгеттер биіктетіліп жатыр.

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз