ЗАРОСЛЫЙҒА ЖАРЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖҮРГІЗІЛМЕК (+фото)

fb img 1650614446172 2 Шаһар шырайы

Зарослый ауылына электр желісі 2011 жылы тартылған. Бірақ, электр кабельдері, сымдар және қажетті жабдықтар ұрланғандықтан, желі іске қосылмады. Соған байланысты, электр қуатын беру үшін уақытша трансформаторлық қосалқы станция орнатылған.

Қазір жаңа сметалық жобалау құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі. Жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайтын электр желілерін «Айком ЛТД» мердігер мекемесі жүргізеді.

Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Батыржан Мусакаевтың айтуынша, аталған аумақтағы жарық мәселесі толықтай шешіледі. Сондай-ақ, ол жақын арада тиісті құрылыс жұмыстары басталатынын айтып, көшелер заманауи жарықтандырумен жабдықталатынын жеткізді.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз