Атырау қаласын бүлдіріп жүрген кімдер?

10. vid s mosta atyrau plaza i renko Шаһар шырайы

Сәулеті мен дәулеті келіскен Атырау қаласында жаңадан мәдени ескерткіш немесе нысан пайдалануға берілсе, қуанамыз. Бірақ, «келешекте сол әсемдік өз қалпын сақтай ала ма?» деген күдік ұялайтыны да жасырын емес. Сорақысы сол, мұндай дөрекі қылықтар алақандай ауылда да кездеседі екен. Тарихи құндылыққа қастандық жасайтын кімдер? Олармен күрес жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? Өлі аруақты сыйлау – тірінің парызы емес пе?..

Бұл дерт ықылым заманнан сананы жаулағанын тарихи деректер де растайды. Мəселен, 455 жылы Рим қаласын вандал тайпасы қиратқан. Соның өрескел əрекетіне байланысты тілдік лексиконға «вандализм» ұғымы енген. Қатыгез тайпа храмдар мен діни ошақтарды қиратып қана қоймай, мұны а с қ а н б а с қ ы н ш ы л ы қ п е н , жеккөрушілікпен жасаған көрінеді. Демек, вандализм – тек жасөспірімдер арасында ғана жайылған дерт емес. Ол кезкелген қоғамда əртүрлі топтардың қолымен орын алатын жабайы қылмыс. Ə с і р е с е , т о қ с а н ы н ш ы жылдары вандализмнің қалай дəуірлегенін аға буын жақсы біледі. Құрылыс жұмыстары жүргізілсе, міндетті түрде б і р н е ш е р е т қ а л п ы н а келтіруге тырысатын. Көшеге жүргізілген жарық пен демалыс орындарындағы орындықтар ше? Олар келесі күні-ақ астанк е с т е н і ш ы ғ ы п ж а т а т ы н . Бұқараның тұрмысы да аса мəз емес еді. Бірақ, біртіндеп халық санасы реттелді. Жағдай түзелген соң, ой-сана мен көзқарас өзгерді. Қоғамдық орындар қайта жаңғыртылғаннан кейін облыс орталықтары да жаңарып, жандана түсті. Оған жұртшылық куə. Өкінішке қарай, соңғы жылдары мұндай көріністер қайта белең ала бастады. Рухани əлсіздіктен бе, əлде сананың тайыздығынан ба? Ескерткіш, м ү с і н д е р д і а й т п а ғ а н н ы ң өзінде зиратты қиратып кету деректерінің кездесуі өз тегіне қару кезенгенмен бірдей емес пе? Естеріңізде болса, облыста зират қиратқан жетесіз қылмысы үстінде ұсталып, елді шулатқан еді. Облыс орталығындағы мəдени ескерткіштер, тіпті, көше бойындағы жарық шамдарын сындырып кеткен деректер қаншама рет кездесті?! Ұят та болса айталық, шаһардағы с а я б а қ т а р д ы ң і ш і н д е г і орындықтарды бүлдіретіндер де азаймай тұр. Тізе берсек, осындай жантүршігерлік оқиғалар жетіп артылады. Мамандар вандализмнің тамырына балта шауып, оны болдырмау үшін қоғамдық тəртіпке ден қою қажеттігін айтады. Себебі, отбасындағы тəрбиені түземей, қоршаған орта да өзгермейді.

Облыстық тарихи-мəдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары Фархат Байдəулетовтың айтуынша, облыстағы 1388 мəденитарихи ескерткіштің төртеуі республикалық, 313-і жергілікті дəрежеде қорғалған. Ал 1071-і алдын-ала есепке алу тізімінде тұр. Яғни, жаңадан анықталған мəдени мұралар сүзгіден өтіп, облыс басшылығының қаулысымен мемлекеттік тізімге алынады.

– Р а с , б ұ р ы н м ə д е н и ескерткіштерді сындырып не бүлдіріп кету фактілері көп болды. Қазір барлығы бақылауда. Ал, кеңес дəуіріндегі мүсіндердің тарихи маңызы жойылуына байланысты кейбіреуі есептен алынды. Айталық, Тұрғындар қалашығындағы жəне Афанасьев көшесіндегі мүсіндер қазір біздің бақылауымызға жатпайды, – деді ол.

Фархат Рысқалиұлы кейде ескерткіштер байқаусызда бүлініп қалатынын да жасырған жоқ. Мəселен, көшедегі ағаш бұтақтарын кескенде автокранның мұнарасы тиіп кетуі мүмкін. Сондықтан, барлығын бірдей вандалдар сындырды деу қате пікір. Ал, есептегі ескерткіштерге ай сайын мониторинг жасалып тұрады. Олқылықтар орын алса, түзетуге ескертулер беріліп, талап етіледі.

– Б і з д і ң м е к е м е м е н жекеменшік иелері арасында заңға сəйкес келісім бар. Яғни, сол аймақтағы мəдени мұраны кəсіп иесі қорғауға алады. Иесіз, далада орналасқандары əкімдік, ауылдық округтің қарамағына беріледі. Кемшіліктер кездессе, иесіне нұсқамалар беріліп, түзетуге ұсынылады, – дейді Фархат Байдəулетов.

Егер бюджеттен қаражат қаралса, оған қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Алайда, сала маманының айтуынша, ескерткішті салғаннан гөрі оны қайта түзеу қымбатқа шығатын көрінеді. Орталық м ə л і м е т т е р і н е с ү й е н с е к , мониторинг нəтижесінде жайкүйі нашар нысандар ретінде ХІХ ғасырға тəн сəулеттік маңызы бар қорымдар, елді мекен орталықтарындағы тұлғалардың ескерткіштері, обелискілер жəне ескі қала аумағындағы ғимараттар бағаланған.

– Мониторинг барысында Құрманғазы, Қызылқоға жəне Мақат аудандарында «Тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану туралы» заңының бұзылу фактілері анықталды. Атап айтсақ, ескерткіштерге жергілікті əкімдіктер тарапынан заң талаптарын сақтамай қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, қорғау аймағында өзге де құрылыстар салу, орнатылған қорғау тақталарының белгісіз біреулердің орнынан алып кетуі, археологиялық ескерткіштерді бүлдіру. Осындай өрескел заң бұзушылықтардың бірі Қ ұ р м а н ғ а з ы а у д а н ы н а н анықталды. Асан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 27,4 шақырым жердегі ерте темір дəуіріне жататын «Қорғандар» археологиялық ескерткішінің қорғау аймағынан топырақ пен қиыршық тас алу əлі тоқтатылмаған. Оған жақын жердегі Асан ауылынан оңтүстікшығысқа қарай 23,6 км жердегі қорғандардың да беткі топырағын құрылыс материалдары үшін трактормен алып, бүлдірген. Бұл мəселе осыдан үш жыл бұрын Құрманғазы ауданының əкімдігі мен полиция бөліміне ескертілсе де, нəтиже жоқ. Ауданның Нарын бөлігінде (Балқұдық, Асан, Сүйіндік, Қоңыртерек ауылдарына қарасты аумақ) орналасқан 26 археологиялық ескерткіштің қорғау тақталарын белгісіз біреулер алып кеткен. Олардың көпшілігі 2019 жылы орнатылған еді, – деп қынжылады о р т а л ы қ б а с ш ы с ы н ы ң орынбасары.

Қызылқоға ауданында Мұқыр жəне Қаракөл ауылдарындағы Ұлы Отан соғысынан оралмаған ж а у ы н г е р л е р г е а р н а л ғ а н о б е л и с к і л е р г е ж е р г і л і к т і əкімдіктер тарапынан заң талаптары сақталмай қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Яғни, Мұқырдағы ескерткіштің стелласының сыртын қоңыр түсті керамогранит тақтайшалармен қаптаған жəне ескерткіштің жанынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған естелік қабырға орнатқан. Қаракөлдегі о б е л и с к і н і ң д е с ы р т ы н керамогранит тақтайшалармен қаптап, бұрын солтүстікке бағытталған ескерткіштің қасбетін қалпына келтіру жұмыстарынан кейін оңтүстікке бағыттап қойыпты. Миялыдағы Ұлы Отан соғысы боздақтарына арналған обелискіге де жергілікті əкімдік жөндеу жасап, сыртын пластикпен қаптаған. Ал, заңның 31 жəне 32-інші баптарына сəйкес тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі ғ ы л ы м и – р е с т а в р а ц и я л ы қ жұмыстар уəкілетті орган бекіткен жоспардың негізінде ғана, ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жəне археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия негізінде жасалатыны көрсетілген. Алайда, заңның бұл талабына ешкім құлақ аспаған.

Сонымен қатар, Мақат ауданының Доссор кентіндегі мектеп-интернат ауласындағы Сабыр Шариповтың бюсті сұр түске боялып, мектептің алдыңғы жағына рұқсатсыз көшірілген. Ескерткіштің орнын рұқсатсыз ауыстыру заңның 29-бабына сəйкес тыйым салынған. Ф а р х а т Б а й д ə у л е т о в аудандарда тарихи тұлғалар мен оқиғаларға заңсыз ескерткіш салу үрдісі де белең алғанын атап айтты.

Айбөпе САБЫРОВА

Мейірім Ердəулет, облыстық полиция департаменті ішкі жəне сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы:

– Республика Қылмыстық кодексінің 203-бабына сəйкес тарих, мəдениет ескерткіштерін, табиғи кешендер немесе мемлекет қорғауға алған нысандар, сондай-ақ ерекше ғылыми, көркемдік немесе мəдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіргендер үш-жеті жыл аралығында бас бостандығынан айырылады. Бірақ, көшелер мен алаңдардағы мүсіндерді бүлдіріп кенткендердің бəрін бірдей вандализм деп қарауға болмайды. Сондықтан, жасаған қылмысына орай əкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз