Жарнама
Шаһар шырайыҚоғам

Теңізшевройл: Қазақстан экономикасына қосылған қомақты үлес

Конкурсқа

«Теңізшевройл» компаниясы 2010 жылы  мұнай өндіруді 25,9 миллион тоннаға жеткізіп, 2009 жылғы тіркелген өнімнен 15 пайызға артты. ТШО өндірісінің 1993 жылғы 1 млн. тоннадан 2010 жылы 26 млн. тоннаға дейін өсуі инвестициялардың үздіксіз өсуімен және зауыт жұмысын сенімді пайдалану мен қауіпсіз жүргізуге деген ерекше ынтаға байланысты болды (Теңізшевройл – 15 жыл. — Астана: «Caspian Publishing House Ltd» баспасы, 2008. – 1 б.).

fgpwpmp.jpg

«Теңізшевройл» өнеркәсіп қауіпсіздігін стандартты бағалаудың, мәселен, еңбекке жарамсыздық күнінің саны бойынша қауіпсіздік техникасынан үздік нәтиже көрсетуді жалғастыра түсті.

Зауыттың үздіксіз жұмысы мен пайдалану сенімділігі үшін қабылданған шаралар өткен жылдарда шикі газ айдау және кешенді технологиялық желі қондырғылары мен ғимараттарындағы жоспарлы, ескертпе жөндеулердің өндіріске және мұнай өндіруге ықпалын әлдеқайда төмендетті. Екінші буын зауытындағы алғашқы күрделі жөндеу келер жылға жоспарланды. 2012 жылы күрделі жөндеу бойынша басталған жұмыстар өндірісті одан әрі оңтайландырып, жаңа зауыттың сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бір жылда шығарылған 2,3 млн. тонна күкірттің көлемді пайызы сатылып, кәсіпорын күкірт сатудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Күкірттің бұлайша өтуі Теңіздегі күкірт қорын 2011 жылдың 31 желтоқсанында 4,1 млн. тоннаға, алты жылда 4,9 млн. тоннаға немесе 54 пайызға азайтуға мүмкіндік берді (Теңізшевройл – 20 жыл. — Атырау: «ICOS жарнама агенттігі» ЖШС, 2013. – 132 б.).

ТШО-ның корпоративтік жауапкершілік және әлеуметтік инвестиция саласындағы белсенділігі 2011 жылы бірнеше рет атап өтілді. Желтосқан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жетістіктері үшін кәсіпорынға «Парыз» сыйлығының бас жүлдесін өз қолымен тапсырды. Қазан айында Еуразиялық энергетикалық апталықта ТШО Орталық Азия Еуразия Қорымен серіктестік қатынасы үшін, «KAZENERGY» Ассоциациясының «Ар-Намыс» жүлдесімен марапатталы. Аталған бағдарлама Доха (Катар) қаласында өткен бүкіл әлемдегі мұнай конгресінде әлеуметтік жауапкершілік саласындағы іріктелген 12 бағдарламаның арасынан ерекше атап өтілді. 2011 жылы оқыту, мамандықты жетілдіру бағытындағы ТШО-ның айтулы бағдарламалары жалғасын тауып, өз қызметкерлерінің анағұрлым жауапты қызметке ауысуына септігін тигізді. 2011 жылы ТШО штатындағы қазақстандықтар қызметкерлердің 86,  жоғары, орта буын басшыларының 76 пайызын құрады. Ол жақсы көрсеткіш болатын. ТШО қызметкерлері үшін денсаулықты сақтандыру, қызметкер мен оның отбасы мүшелерін қамсыздандыру деңгейін арттыру сияқты әлеуметтік пакеттердің мазмұны байи түсті. Қызметкерлердің салауатты өмір салтын орнықтыру үшін әр қызметкерге спортпен айналысуға жылына 1500 доллар көлемінде қаржы бөлінетін болды. Еңбекке ақы төлеу жұмыс нәтижесіне қарай ақы төлеу, кәсіби шеберлігін арттыру үшін шетелдік іс сапарға шығу, кәсіби даярлық бағдарламаларынан өту сияқты анағұрлым жетілген аспектілерден тұрады.

Теңізшевройл компаниясының 2012 жылы өндірісінде 18 000 астам адам 49 миллион сағат жұмыс істелсе, жұмыс күнін жоғалтуға ұласқан жарақаттану көрсеткіші сегіз жағдайды құрады (Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты (ҚРОММ). 680 қ., 1 т., 4 іс., 9п.).

ТШО-ның 20 жылдан бері қоршаған ортаға тиетін әсерді мейлінше азайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға жұмсаған қаржысы 2,5 млрд. долларды құрады. Жұмсалған қаражат кәсіпорының жалпы алауда жағылатын газдар көлемін 92 пайызға кемітуіне мүмкіндік берді. Сонымен бірге, Теңізде газды кәдеге жарату коэффициенті де өсіп, 99 пайыздан артты.

Нәтижесінде 2012 жылдың 24 қазанында Лондон қаласында өткен Алауда газ жағуды қысқарту бойынша ғаламдық мемлекеттік-жеке серіктестіктің 10-шы мерейтойлық конференциясында «Теңізшевройл» ЖШС-нің алауларда газ жағуды қысқарту бағытындағы үздік жетістігі мадақталды.

Мұнай өндіру көлемі 2012 жылы 24,2 миллион тоннаны құрады. ТШО-да нақты мұнай өндіру көлемі бизнес-жоспардағы бақылау сандарынан 3,7 пайызға кем шықты. Бұл негізінен ТШО қадағалауынан тыс тасымалдау жүйесіндегі шектеулер мен ауа-райы жағдайы және ЕБЗ/ШГА нысандары жабдықтарының сенімділігі себебінен болды.

Компания құрылғаннан бастап оның Қазақстан Республикасы пайдасына өткізген төлемдері 74,2 миллиард долларды құрады. Оған қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ үлесіне тиесілі пайданы бөлу, мемлекеттік бюджетке тиесілі салықтар мен роялти төлемдері, мемлекеттік компаниялардың тарифтері мен қызмет құны төлемдері және қызметкерлердің жалақысы кіреді. 2012 жылы Қазақстан Республикасының пайдасына өткізілген тікелей төлемдер жалпы алғанда 14,2 миллиард доллардан асты («Теңізшевройл» ЖШС Корпоративтік жауапкершілік жөніндегі 2011-2012 жылдарға арналған есебі/Теңізшевройл//-Атырау: ТШО Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі, 2013. – 42 б. -10 б.).

Мұнай өндіру көлемі 2013 жылы 27,1 миллион тоннаны (216 миллион баррель) құрады. Теңізшевройл жоғары сапалы күкірттің төрт түрін, ең алдымен, Жерорта теңізі бассейні мен Орта Азия елдеріндегі тұтынушыларға және Қазақстан, Ресей, Украина, Қытайға өткізе бастады. ТШО-ның қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсаған қаражаты да рекордтық деңгейге — 2,3 млрд. долларға жетті. Бұл кезеңде ТШО құрылғаннан бастап оның Қазақстан Республикасы пайдасына өткізген төлемдері 89,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Оған қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ үлесіне тиесілі пайданы бөлу, мемлекеттік бюджетке тиесілі салықтар мен роялти төлемдері, мемлекеттік компаниялардың тарифтері мен қызмет құны төлемдері және қызметкерлердің жалақысы кіреді. 2013 жылы Қазақстан Республикасының пайдасына өткізілген тікелей төлемдер жалпы алғанда 15 миллиард долларды құрады. 2013 жылы ТШО-ның қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсаған шығыны 2,3 миллиард долларға жуық соманы құрады. 1993 жылдан бергі мерзімде қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға бағытталған ТШО қаражаты 15,4 миллиард доллардан асты. ТШО қазақстандық қамтуды арттыру мақсатында кешенді құралдарды қолдана отырып жұмыстануды жалғастыруда. Бұған Қазақстанның шағын және орта бизнес кәсіпорындарына берілген жалпы сомасы 14 миллион долларды құрайтын несиелер де кіреді (Миллер Т. /Жаңа жетістіктердің бастау алаңы/ТШО жаңалықтары, №200, ақпан 2014. — 6-7 б.].

Кәсіпорын 2014 жылы өзінің алға қойған өндіріс межелеріне қатысты мақсаттарын жүзеге асыру, ал жекелеген бағыттар бойынша, тіпті асыра орындау арқылы өзінің Қазақстанның мұнай-газ саласындағы көшбасшылық орнын растады. Осы жылы ТШО іс жүзінде Теңіз кеніші игеріле басталған уақыттан бері жиналған күкірт қорын тауысты;

Қазақстан Республикасына төленген жалпы қаражат мөлшері шамамен 14,7 млрд. доллар құрады. ТШО-ның қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсаған қаражаты рекордтық деңгейге — 2,4 млрд. долларға жетті. Теңіз кенішінде ККЖ/ҰЕҚБ жобасы аясында алғашқы нысандардың құрылысы басталды («Теңізшевройл» ЖШС Корпоративтік жауапкершілік жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған есебі/Теңізшевройл//-Атырау: ТШО Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі, 2015. -4-5 б.).

Компания ұжымының шығармашылық және ұйымдастырушылық талпыныстары ірі өндірістің кеңею жобасы – ККЖ/ҰЕҚБ жобаларын жүзеге асыруға бағытталады. ККЖ/ҰЕҚБ жобасын жүзеге асыру нәтижесінде ТШО-ның өндірістік қуаты шамамен жылына 12 миллион тоннаға артады және жоба нысандары құрылысы өз шыңына жеткен тұста жұмыстарды орындау үшін 20000 жұмыс орны ашылады. ТШО инвестициялар жөніндегі қорытынды шешім шығару бойынша өз серіктестерімен әрі қарай жұмыс жүргізуді көздеп отыр (Миллер.Т. /Теңізшевройл: 2014 жылдың қорытындылары/ТШО жаңалықтары, №212, ақпан 2015. -4-5 б.).

Мұнай өндіру көлемі 2015 жылы 27,16 млн тоннаны (217 млн. баррель) құрады. Сұйытылған көмірсутегі газын сату көлемі 1,27 млн тоннаны құраса, құрғақ газ сату көлемі 6,85 млрд текше метр болды. Компания аталған уақытта өндірілген 2,4 млн тонна күкірттің 113%-ын құрайтын 2,7 млн тонна күкірт сатты. Қазақстан Республикасына төленген жалпы қаражат мөлшері шамамен 8,2 млрд. доллар құрады.

ТШО-ның қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсаған қаражаты 2,4 млрд. долларға жетті. 2015 жылы ТШО өндірісінде 30 000- нан аса адам жалпы алғанда 72 миллион сағаттан астам жұмыс істеді, ал жұмыс күнін жоғалтуға ұласқан жарақаттану көрсеткіші сегіз жағдайды құрады.

ТШО-ның 2000-2015 жылдар аралығында қоршаған ортаға тиетін әсерді мейілінше азайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға жұмсаған қаржысы 3 млрд долларды құрады – бұл Теңіздегі қоршаған ортаны қорғау шараларын үздіксіз жетілдіріп отыруға жұмсалған елеулі қаражат. Сонымен бірге, Теңізде газды кәдеге жарату коэффициенті өсіп, 98%-дан артты. Газды кәдеге жарату жобасы мен басқа да жұмыс бағдарламалары атмосфералық ауаға газ шығарудың жалпы көлемін аталған мерзім ішінде 73%-ға қысқартуға септігін тигізді. 2015 жылы ТШО өндірісіндегі шығарындылар орта есеппен өндірілген мұнайдың тонна- сына небәрі 2,24 килограмнан келді. Бұл жерде кәсіпорынның 2000 жылдан бергі мерзімде мұнай өндіру жөніндегі жылдық көлемінің 159%-ға өскендігін ескеру керек. Қоршаған ортаны қорғау саласына және зауыт жабдықтарының сенімділігін арттыруға жұмсалған қаражат 2000 – 2015 жылдар аралығында кешенді технологиялық желілер зауытындағы техникалық ақаулар санын 40%-ға қысқартып, техникалық бұзылулар салдары — нан алауда шикі және қышқыл газ жағылу көлемін 93%-ға қысқартуға септігін тигізді. 2015 жылдың соңында ТШО 2014 жылы Жаңа Қаратон мен Қосшағыл елді мекендерінде отырғызылған көшеттерге күтім жасауды аяқтап, оларды аталмыш поселкелердің әкімдіктеріне тапсырды. 2016 жылы ТШО Құлсары қаласындағы жаңа «Нұрсая» саябағында көгалдандыру жұмыстарын жалғастырады.

«Теңізшевройл» 2016 жылы өзінің алға қойған өндіріс межелеріне қатысты мақсаттарын жүзеге асыру, ал жекелеген бағыттар бойынша, тіпті, асыра орындау арқылы өзінің Қазақстанның мұнай-газ саласындағы көшбасшылық орнын растады. ТШО-да қайғылы нәтижеге апаратын ешбір оқиға тіркелмеді; қауіпсіздік техникасы бойынша қол жеткізілген көрсеткіштер әлемдік мұнай-газ өнеркәсібіндегі орташа көрсеткіштен тағы бір мәрте айтарлықтай асып түсті. 2016 жылы ТШО жаңа рекордқа қол жеткізе отырып, 27,56 млн. тонна мұнай өндірді. ТШО зауыт кешені үздік  өндіріс тиімділігін растады. 2016 жылы ТШО 1,350 млн. тонна сұйытылған көмірсутек газын, 7,21 млрд. текше метр табиғи газ және 2,33 млн. тонна  күкірт сатты. Қазақстан Республикасына төленген жалпы қаражат мөлшері шамамен 4,7 млрд. доллар құрады. ТШО-ның қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсаған қаражаты  ККЖ-ҰЕҚБЖ жүзеге асыруға жұмсалған 730 млн АҚШ долларын қоса алғанда 1,9 млрд АҚШ долларына жетті. Project Finance International (PFI) халықаралық агенттігінің ұйғарымы бойынша ТШО-ның бонд шығару мәмілесі 2016 жылы Еуропа нарығындағы ең үздігі деп танылды. 2000 жылдан бері жалпы алауда газды жағу көлемі 84  пайызға азайып, газды кәдеге жарату үлесі 98 пайыздан асып түсті. ТШО қалдықтарды басқару саласында да әлемдік көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр, атап айтқанда, 2016 жылы Теңізде түзілген қалдықтардың 69 пайызы қайта өңделуге немесе қалдық өңдеумен айналысатын арнайы мердігер кәсіпорындарға жөнелтілді. Сонымен қоса 2016 жылы ТШО бас кеңсесінде пластикалық бөтелкелерді бөлек жинау бағдарламасы да бастау алды, бағдарлама басталысымен алғашқы 5 ай ішінде қайта өңделуге 600 кг пластикалық бөтелке жиналды.

Теңізшевройл кәсіпорыны 2017 жылдың алғашқы үш тоқсанында ТШО сұйытылған газ сату көлемін 1 миллион тоннадан асырып, табиғи газ сату көлемін 5,52 миллиард текше метр, ал күкірт сату көлемін 1,85 миллион тоннаға жеткізді (Теңізшевройл. Деректер мен дәйектер. 2017 жылдың үшінші тоқсаны бойынша қорытынды мәлімет / http: //www. petroleumjournal. kz index/ Пайд. уақыты: 12:31, 23.01.2018. -1-2 б.).

Қазақстан Республикасына 1993 жылдан 2017 жылдың 30 қыркүйегі аралығында ТШО-ның тікелей қаржы төлемдері 123 млрд. доллардан астам соманы құрады. Бұған ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді. 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан Республикасына төленген тікелей төлемдердің көлемі 5,9 млрд. доллардан асты.

«Шеврон» корпорациясының Теңіздегі жұмысы кәсіпорынды нарықтық экономика жолына қою үшін дереу қолға алынған және кәсіпорынның бүкіл өндірістік қызметін реформалаудан бастады.

Қорыта айтқанда осы ширек ғасыр уақыт ішінде қазақстандық – американдық Жоба Қазақстаннның мұнай державасы ретінде зор келешегінің бар екенін әлемге әйгіледі.

Ұлжан Ахметова — тарих ғылымдарының докторы

Амангелді Жұмабаев, магистр

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button