Шаһар шырайы
Талқайраңда қосымша бөгеттер салынуда
Атырау қаласындағы Талқайраң-2 ауылынан 2 шақырымнан астам жерде Соколок каналынан шыққан судан қорғау үшін қосымша бөгет салынып жатыр. Бұл жұмыстарға жергілікті компаниялар және Жамбыл облысынан келген техникалар мен жұмысшылар жұмыс істеуде.
Алдағы уақытта осы бөгетті көтеріп, нығыздау жұмыстары жасалмақшы. Бөгеттің басына қала әкімі Шәкір Кейкин, Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапхат Қалиев келіп, жұмыс барысын бақылады.
Таңертеңнен бері жанар-жағармай болмай кезегін күткен ауыр техникалар түстен кейін жұмысқа кірісті. Жергілікті әкімдік тарапынан жұмыс басына қажеттіліктер жеткізіліп, жұмысшылардың түскі-кешкі аспен қамтылатындығы да белгілі болды.
Алмас ҚАБДОЛОВ