«Біз енді – студентпіз!»

билим Білім

Биылғы жылы Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжіне 800-ге тарта жас оқуға түсті. Оларды студенттер қатарына қабылдау салтанаты бұл жолы Махамбет атындағы қазақ драма театрында кең ауқымда, жаңа форматта өткізілді.

%d0%b1%d0%b8%d0%bb%d0%b8%d0%bc

Студент атанудың үлкен жауапкершілік екенін сезіндіру, өңірдегі білікті мамандар дайындайтын оқу орнының тынысын таныстыру, жастарды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған салтанатты шараны колледж директоры, профессор Болат Рысқалиев сөз сөйлеп ашып,  студенттік билет табыстады.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат хатшысы Сағындық Лұқпанов та шарада сөз алып, студент атану – әр адамның өміріндегі маңызды оқиға екендігіне тоқталды.

«Себебі, студенттік өмірге аяқ баса салысымен-ақ, сенің жастық шағыңның ең тамаша да қызықты сәттері басталмақ. Жас кезінде уақытты ұтымды пайдаланып, оқуға, жақсылықты үйренуге талпыну керек. Ертеңгі күні еңбекке араласқанда оның пайдасын көресің», – деген Сағындық Есенғалиұлы  оқуда да, спортта да көзге түсіп үлгерген бірінші курстың белсенді студенттерін марапаттады.

Айта кетелік,  Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі – заманауи талаптарға сай білім беруді көздейтін әрі қарқынды дамып келе жатқан Атырау өңіріндегі жетекші оқу орындарының бірі. Бүгінгі таңда колледжде құқықтану, әлеуметтік-гуманитарлық, техникалық бағыттағы 18 мамандық бойынша 2500-ге жуық студент білім алуда.

%d0%b1%d0%b8%d0%bb%d0%b8%d0%bc2

Шара қонағы, оқу орнымен тығыз байланыста жұмыс жасайтын «WorleyParsons» ЖШС директоры Талғат Иманғалиев қазіргі студенттер үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалғанына тоқталып, оларға өмірлік ұстанымдарын да айтып берді.

Білімнің ғана емес, өнердің де ордасы атанған колледж түлектерінің   көрермендерге  арнайы оған қатысушыларды  жақсы  әсерге бөледі. Осыдан бес жыл бұрын оқу орнын тәмамдап, мамандығы бойынша жұмысқа кіріскен түлектер Евгений Мамыкин мен Жәнібек Аманиязов шараға арнайы келіп, ән шашуын тарту етті.

Оралдық «Қорған» тобы шырқаған жастарға арналған әндер кештің мазмұнын одан сайын арттыра түсті.

%d0%b1%d0%b8%d0%bb%d0%b8%d0%bc3

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА

Суреттерді түсірген:

Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз