СЫРЫМ ДАТОВ КӨШЕСІ ЖАБЫЛАДЫ!

fb img 1657098634289 Шаһар шырайы

Атырауда Сырым Датов көшесі қайта жаңғыртылмақ. Төрт жолақты жолдың жалпы ұзындығы 4,69 шақырымды құрайды. Атап айтсақ, жол жөндеу жұмыстары бірінші аумақ – “Азаттық даңғылынан бастап Қиғаш көшесіне” дейін, екінші аумақ – “Баймұханов көшесінен Абдрахманов көшесіне” дейінгі
аралықты қамтымақ. Осы ретте, жол 7 шілде сағат 08:00 ден бастап жабылатындығын хабарлаймыз.

Жол құрылысын «Атырауинжстрой» мердігер мекемесі жүргізеді.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, жаңғырту жұмыстары кезінде толықтай жолдың астыңғы қабаттары алынады. Сондай-ақ, жоба шеңберінде жаяу жүргінші жолы, 8 ашық және 4 жабық аялдама, заманауи көше жарық шамдарын орнату көзделген.

Сонымен қатар, қалалық автобус бағыттарының да қозғалысы уақытша өзгереді. Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз